«Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу өтті
Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты білім саласында көп жылдар еңбек етіп мол тәжірибе жинаған, жас мамандарға айтары бар ардагерлердің еңбегін елеусіз қалдырмай, өздерінің педагогикалық тәжірибелері жөнінде ой бөлісу, өмір жолдары мен білім беру саласында жеткен жетістіктерін көрсету. Осылай ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, әрбір жастың Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Кездесуге аудан әкімі С. Чокаев қатысты. Ардагерлердің көкейлерінде жүрген сауалдарын тыңдаған аудан басшысы бүгінгі күні аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды, салынып жатқан құрылыс нысандары, кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары жөнінде баяндады.
Аудан әкімі ардагерлердің талап-тілектері ескеріліп, жұмыстар жалғасатынын айтып, ардагерлеркәсіподақ төрағасы – Әуесбек Қосамбековке уақыт бөліп, кездесу ұйымдастырғанына алғыстарын білдіріп, қызметіне сәттілік тілеп тарқасты.
-
Фото
-