XXVIII бүкіләлемдік қысқы универсиаданы қолдау мақсатында марафон-эстафета ұйымдастырылды
29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін XXVIII бүкіләлемдік қысқы универсиадаға байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде түрлі спорттық шаралар өткізілуде.
Оқу ордасының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті, конькимен жүгіру спортының чемпионы Мария Сизова аталмыш додада бақ сынайтын болады. Осыған орай студенттіқолдау мақсатында шаңғымен жүгіру жарысынанПедагогика институтының «Дене мәдениетінің теориялық негіздері» кафедрасыҚ.Жұбанов атындағы АӨМУ әкімшілігі мен білім және ғылым қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен марафон-эстафета ұйымдастырылды.Спорттық марафон 25 қаңтарда Кірпішті ауданында орналасқан демалыс базасында өтті.
Жарысқа университеттің профессор-оқытушы құрамы мен 200-ден астам белсенді студенттері қатысты. Қатысушылар жарыс ережесі бойынша 1км және 3 км қашықтықта шаңғымен жүгірді.Жарыс алдында университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Рахым АғыбайұлыБекназаров универсиада қатысушысы Мария Сизоваға жаңа жетістіктер мен жеңіс, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал, жастар алаңда бүкіләлемдік қысқы универсиада құрметіне флешмоб биледі.
Мәреге алдымен келген спортшыларды университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Мұхамбетжанқызы Зарлықова және «Дене мәдениетінің теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Руслан Айтқалиұлы Шоқанов құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады. 1 км қашықтықта 1-орындыСүндет Раис, 2-орындыНұрсұлтан Айдарханов, 3-орынды ИсламЖауғаштин алса, 3 км қашықтықта жүлделі 1-орынды СамғатСалават, 2-орынды ӘсетНығметов, 3-орынды Нұржан Құрманәлі жеңіп алды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, медальдармен мадақталды.
Шара соңы музыкалық номерлермен аяқталды. Спортшылар мен жиналғандар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ