Универсиядаға қолдау
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 21 қаңтар-сенбі күні орталық Абай саябағында Универсиадаға қолдау көрсетіліп, жастар арасында шаңғы, коньки жарыстары ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов мәслихат хатшысы Д.Н.Ыдырышев, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Е.Сайранов өз құттықтауларын жеткізіп, сәттілік тіледі.
Аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың дамуына ықпал жасаған "КСРО үздік халық ағартушысының озық қызметкері", Азия алауын жағушы, волейболдан бірнеше жыл облыс жүлдегерлерін дайындаған бүгінде ардагер ұстазСаспаев Дәулетбекке және М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының жоғарғы санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі, еркін және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандитат, қол күресінен спорт шебері, Ташкент қаласында өткен 15-ші Азия чемпионатының қола, күміс жүлдегері Мамырбеков Союзбекке аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ төрағасы - Қ.Сайрановәрқайсысына 50 мыңның сертификатын тапсырды.Сертификат алғандар – Универсиаданың ашылу құрметіне қатысып, жанкүйер көрермен болу бақытына ие болды.
-
Фото
-