Спорттық эстафета
10 қаңтар күні Балтабай ауылы, Балтабай орта мектебінде , «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ ауданы филиалының құрылған күніне орай аудандық филиалының төрағасы Надырбаев Серик Дюйсебаевичтың ұйымдастыруымен эстафета жарысы өтті. Спортқа деген қызығушылықтарын арттырумен қатар кәсіподақ төрағаларының арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Жастар мен студенттердің 28-қыстық универсиадаға қолдау көрсету мақсаттарымен жүзеге асты.
Аталмыш шараға Есік және Шелек өңірлерінің кәсіподақ төрағалары әйелдер арасында 4 команда қатысып, ал ерлер арасында 2 команда олар 8 шарт бойынша жарысқа түсті.
Командалар құрамы спортқа бейімділіктерін көрсетіп қана қоймай, олар сайыс барысында бір-біріне лайықты, тең қарсыластар екендіктерін дәлелдей түсті. Дегенмен, сайыстың аты сайыс, біреу жеңіп, біреулер ұтылып жатады.
Қорытынды бойынша әйелдер арасында 3-орынды «Бал бала» Есік өңірінің балабақша құрама командасы иеленді. 2-орын болса Шелек өңірінің мектеп пен балабақша тобына бұйырды. 1-жүлделі орын «Санта Клаусы» Есік өңірінің мектеп құрамасы алды. Ал, ерлер арасында 1-орын Шелек өңірі мен 2-орын Есік өңіріне бұйырды.
Жүлдегерлер 20000,15000,10000 теңге ақшалай сыйлықтарымен және грамоталармен марапатталды. Спорттық шараның қызықты әрі тартысты өтуіне Балтабай орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габбасов Е.Б., дене шынықтыру пәні мұғалімі Абжанов А.М., аталған мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Койлюбаева С.К. мол үлес қосты. Барлық мектеп кәсіподақ ұйымының төрағалары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта осындай іс-шаралардың көп болуларын тіледі. Жарысқа қатысушалар көңілді тарқасты.
Абылай хан орта мектебініңмектебінің кәсіподақ төрайымыБердибаева С.А.
-
Фото
-