Қуатты Қазақстан – мықты аймақтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қарсаңында Качир білім беру бөлімі және аудандық кәсіптік одағымен ұйымдастырылған «Мықты Қазақстан – мықты аймақ» форумы өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстанның, Павлодар облысы мен Качир ауданының негізгі жетістіктерін ілгерілету және көпшілікке паш ету.
Форумға білім беру ұйымдарының басшылары, ауданның кәсіподақ белсенділері, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогтар және 11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 300 адамды құрады.
Жиын аудан әкімінің орынбасары К.Н. Ердишеваның алғы сөзімен ашылды. Ал ауданның білім беру бөлімінің басшысы Ж.К. Біләлова өз сөзінде біздің басты құндылығымыз – Президентпен бірге Егемен елді, гүлденген мемлекетті құруға себін тигізген Қазақстанның халқы екенін атап өтті. Ал педагогикалық еңбек ардагері, еңбек сіңірген бапкер П.Е. Яценко барша халықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, бейбіт өмір, шығармашылық табыс және сәттілік тілектерін білдірді.
Ауданның педагогтары мемлекет саясатын қолдай отырып, оны білім беру жүйесіне ендіруге өз үлестерін қосуда. Білім беру ұйымдарының 25 басшылары Тәуелсіздіктің 1991-2016 жылдары аралығындағы Қазақстанның, аймағымыздың, оның ішінде Качир ауданының дамуы мен нығаюын, үздік инфрақұрылымдарымен таныстырып өтті. Шараның аясында білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері үшін ауданның педагогтары Грамоталармен марапатталды.
Музыкалық мектеп пен Оқушылар үйінің жас таланттары, педагогтар, «Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!» облыстық фестивалінің лауреаттары көрермендерге өз өнерлерін тамашалады.
А. Арынова, Качир аудандық білімқызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-