
Қазыбек би ауданы білім мекемелері ұжымдары арасында Көркемөнерпаздық шығармашылық кеші өтті...
«Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да менеліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін»Н.Назарбаев
Тәуелсіздік-азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Еліміз бағалы байлыққа қол жеткізіп, жаңа тарихымыздың жиырма бесінші бетін ашты. Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Бірлік пен татулықты бірінші кезекке қойып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арнап Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш іс-шараға шаһарымыздың білім ұйымдары мен балабақша ұжымдары қатысты. Іс-шара жоспарына сәйкес мектеп, балабақша ұжымдары «Егемен Қазақстан», «Атамекен», «Тәуелсіз Қазақстан» сияқты әндерді хормен айтты, қалам ұстаған мектеп мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жазған өлеңдерін оқыды.Конкурс барысында барлық мектеп, балабақша ұжымдары арасындағы ынтымақтастық, жарасымды татулық сезілді.
Шараға арнайы шақырылған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк және Қарағанды қаласы Білім бөлімі басшысының орынбасары Раиса Кенешова сандаған ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманы орындалған тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жүлделі орындарға ие болған мектеп және балабақша ұжымын марапаттады.
Өткізілген іс-шараны ұйымдастыруда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Қазыбек би аудандық комитетінің төрайымы Алмагүл Рақышеваның еңбегі өте зор.
Эльмира Сыздыкова,№39 мектеп-гимназиясыныңкәсіподақ төрайымы,Қарағанды қ.
-
Фото
-