Жоғары оқу орындары мен колледж педагог қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданың жабылу салтанаты
Атырау қаласының «Атырау» спорт кешенінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-ы күні басталған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау облысы білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен колледж педагог қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада 26 желтоқсан күні өз мәресіне жетті.
Ақтық ойындар өткізілген соң марапттау рәсімі мен жабылу салтанаты өтті.
Жарысқа катынасқан 17 команданың ішінен жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық жүлделі 1-орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті командасы ие болса, 2-орынды Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі, 3-орынды Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі командалары жеңіп алды.
Жабылу салтанатында«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қ.Қайненов спартакиадаға қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жүлделі орын алған командаларды грамоталармен, естелік медальдармен, кубоктармен және арнайы бөлінген бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар жарысқа қатысып, өз күштерін сынаған басқа командаларда ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Абдешева Ш.М.
-
Фото
-