Мешін жылы қорытындыланды
2016 жылдың соңғы жетісінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі кезекті Кеңейтілген Кеңес өткізіп, мешін жылын қорытындылап, алдағы Жылға жаңа тапсырмалар айқындады. Кеңеске аудан, қала кәсіподақ ұйымдарының төрағалары ғана емес, сонымен қатар сол ұйымдардың есепшілері қатысты. Кеңесті ашып берген Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Конурбаев М.С. кеңес мүшелерін осы жылдың басты тарихи ұлы мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, «Мәңгілік ел» биігіне көшін бұрған Қазақстанның дәуірі ғұмырлы болуын, ол үшін біз де аянбай, адал еңбегімізбен үлкен үлес қосу керек екендігімізді атап көрсетті.
Одан кейін Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Досетова С.Қ. қазан, қараша айларында аудандарда жүргізілген тексеру жұмыстары бойынша мәлімет жасап, жаңадан қосылған есепші мамандарға арналған оқу-семинарлардың өткізетінімізді сөзге тиек етті. Жаңа заман талабына сай еңбекті қорғау, еңбек адамының қауіпсіздігі жолында шешілетін мәселелер жайлы Сәтпаев қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ильясова Г.Ж. слайд түрінде көрсетіп, бұл салада жұмыстың әр білім мекемесінде жоғары жүргізілетінін айтты. Өз кезегінде Ұлытау аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жылқыбаев С.А. ауданның кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық ахуалын айта келе, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек дауларын болдырмау жолында атқарылып жатқан жұмыстарының оң нәтиже бергенін нақтылап айта кетті. Әрі қарай сөз алған аумағымыздағы жоғары және орта арнаулы білім мекемелерінің университет, колледждердің кәсіподақ көшбасшылары Абиев Б.Қ., Трахпанова Г.Р., Окшиева Р.С., Алибекова С.А., Бактияров С.Г., жастар мәселесі жөнінде, жатақханада тұратын студент жастардың тұрмыстары, оларға арналатын қосымша көмек нақтылап сөзге тиек етілді. Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Конурбаев Марат Сейлбекұлы аумақтық кәсіподақ ұйымының бас маманы Қожабаева Раушан Құрмашқызының тікелей ұйымдастыруымен Жезқазған политехникалық колледжінің жастармен жүргізіліп отырған жұмысының оң нәтиже бергенін, кәсіподақ ұйымы қатарына студент жастарының қосылуына үлкен мотивациялық іс-шараның жақсы орынға қойылғанын мақтанышпен атап өтті. Кеңес жұмысының соңғы талқыланған мәселесі жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін кәсіподақ шыршасы болды. Кәсіподақ шыршасына аумағымыздағы білім және ғылым қызметкерлерінің 55 баласы қамтылады.
Кеңесті қорытындылай келе, Марат Сейлбекұлы аймағымыздағы барлық кәсіподақ мүшелері атынан және өз атынан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына кіретін барлық әріптестерін, туған өлкенің өсіп-өркендеуі жолында бар білімдері мен іс-тәжірибелерін жұмсап келе жатқан білім қызметкерлерін іргесі-іргелі, тұғыры –берік, қадамы нық Қазақстанның өрісі кең, өресі биік елдердің қатарына қосылып, еліміздің туы жоғары желбіреп, жарқын болашақтың кемелді көрінісі болуына жол салған азаматтығымыздың айбыны, азат күніміздің айдыны, ерікті еліміздің еңсесін көтеріп, мерейін асқақтатқан киелі де қасиетті, қастерлі де ұлық мерекеміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тағы құттықтады. Осы мерекеге орай білім саласындағы көп жылғы еңбегі мен білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда ерекше белсенділік танытқан төмендегі білім саласының қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелерін, әлеуметтік әріптестерді марапаттау рәсімін жүргізді.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Жезқазған қалалық кәсіподақ ұйымының есепшісі Аманжолова Айнаш Амирбековна, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке-25 жыл» мерекелік медальмен: Конурбаев Марат Сейлбекұлы - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жылкыбаев Сабигазы Азмахинович - Ұлытау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, Бейсекбаева Маркен Абдрахмановна - «Жезқазған қаласының білім бөлімі»ММ №9 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, белсенді кәсіподақ мүшесі,еңбек ардагері, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен: Әштәев Тілеш Бейсенбайұлы - Жаңаарқа ауданы,«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі»ММ басшысы,әлеуметтік әріптес, Күнедилова Ляззат Асанқызы - Жезқазған қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ілиясова Гүлнәр Жұмабекқызы - Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы, Абиев Бауыржан Қозғанбайұлы - Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, университет қарамағындағы Жезқазған гуманитарлық институтының директоры, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен:
Трахпанова Гүлмира Рахымжанқызы - Жезқазған қаласы,Жезқазған гуманитарлық колледжінің ұстазы,колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы, Алибекова Сәуле Акбайқызы - Жезқазған технология және сервис колледжінің ұстазы, колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы, Айтжанова Әсем Бекенқызы - Балқаш қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің бас есепшісі, аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ревизия мүшесі Түсіпбекова Ғалия Сақташқызы марапатталды.
Сол күні кәсіподақ ұйымдарының есепшілеріне арнап арнайы әдістемелік бағытта оқу жұмыстары жүргізілді.
Қожабаева Р.Қ.
-
Фото
-