Сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғаудағы әлеуметтік әріптестікті дамыту
2016 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Атқару комитетінің отырысы Лебяжі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері қарастырылды.
Ұжымдық шарт жүйесімен ауданның барлық 33 білім беру ұйымдары қамтылған. Ұжымдық шарттың мазмұны бойынша қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік, экономикалық қорғау мәселелері көзделген. Аудан бойынша ұжымдық шарттарын жасау мен орындау және еңбек дауларының келісімдік комиссиялары бойынша екі тарапты комиссиясына 198 кәсіподақ мүшелері қатысады.
Педагогтардың әлеуметтік қорғау шаралары жергілікті орындау органдарымен, білім беру бөлімімен және жұмыс беруші өкілдерімен өзара қарым-қатынас әрекеті арқылы жүзеге асады. Білім беру ұйымдары жұмыскерлерінің еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері қоғамдық бірлестіктің филиалы мен білім беру бөлімі арасындағы жасалған аймақтық салалық келісімінде, сонымен қатар ұжымдық шарт негізінде айқындалған.
Аймақтық келісімге сәйкес ауданда келесі мәселелер реттелген:
- еңбекақының, еңбек демалысы мен сауықтыруға арналған өтемақылардың уақытылы төленуі;
- жұмыс берушінің бюджеті есебінен барлық жұмыскерлердің мерзімді медициналық бақылаудан өтуі;
- жас мамандарға көтерме ақы төлеу, сонымен қатар баспана алуға пайызсыз несие беру;
- ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын-үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу мәселесі толық шешілді;
- педагог қызметкерлерге іссапар шығындарын төлеу.
Басқа санаттағы қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесінің шешілуі қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдарына үлгі бола бермек.
Ауданның білім беру ұйымдарында 1 және 2 топтағы 16 мүгедек жұмыс жасайды. Олар үшін кезекті еңбек демалыстарына қосымша төленбелі 5 күн, сонымен бірге жазғы уақыттағы сауықтыру жолдамалары жеңіл бағамен беріледі.
Атқару комитетінің мүшелері қоғамдық бірлестіктің «Лебяжі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының еңбек және әлеуметтік қорғаудағы жұмыстарына оң бағасын берді.
Джаркенова Г.О. -«Қазақстандық салалықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер бойынша бас маманы