Атырау облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-ы күні Атырау қаласының «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау облысы білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен колледж педагог қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш шарада «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қ. Қайненов спартакиаданың ашылуымен құттықтап, облыстық кәсіподақ ұйымы атынан дене тәрбиесі және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін оқу орындары мұғалімдерін Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының директоры С.С.Жекеновспартакиаданың ашылуына құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада 1 аптаға созылмақ. Өз командаларына тән бірыңғай спорттық киімдерімен тыңғылықты дайындалып келген спартакиадаға қатысушы спортшылар гандбол ойынынан жарысты бастап та кетті.
Спартакиаданың мақсаты – педагогикалық ұжымның салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шараларды дамыту және нығайту, педагог қызметкерлер арасында ептілер мен үздік спортшыларды анықтау. Спортшылар спартакиада бағдарламасы бойынша гандбол, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ және шахмат сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасады.
Жастармен жұмыс маманы Абдешева Ш.М.
-
Фото
-