«Тәуелсіздік – тұғырым!»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Тәуелсіздік алғалы кәсіподақ ұйымының жауапкершілігі артып, оның дамуы мен нығайуына жол ашылды.
Тәуелсіздіктің 25 жыл бедеріндегі облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыстары жайлы «Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақ» атты бейнебаян көрсетілді.
Облыстық кәсіподақ комитетітің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы үздіксізқызмет атқарып жүрген бір топ кәсіподақ белсенділерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен және Құрмет грамотасымен марапаттады.
Әлеуметтікәріптестіктідамытужәнебілімсаласындаеңбекетушілердіңәлеуметтік-экономикалықжағдайынжақсартуғақосқанүлесіүшін, 9 мектеп директорларына «Үздік әлеуметтік әріптес», 10 бастауыш кәсіподақ көшбасшыларына «Ынтымағы мен берекесі жарасқан» номинациялары тапсырылды.
Тәуелсіздікпен еліміздің еркіндік алу жылдарымен қатар отбасын құрған отбасылар бұл күнде етегін кеңге жайған бәйтерек секілді өркен жайып көпке үлгі болды. «Егемен елдің еңселі отбасы» номинациясымен 8 жұп марапатталып, оларға Бурабай курорт аймағындағы «Жұмбақтас» шипажайына жолдама тапсырылды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері маңызды міндеттерді мінсіз атқарып жүрген қызметкерлер «Тәуелсіздік қырандары» номинациясымен, ал 1991 жылы дүниеге келіп, Тәуелсіз елдің ұрпағы атанған ұстаздар «Мәңгілік ел жастары» арнайыноминациясымен марапатталды.
20 кәсіподақ қызметкерлері және белсенділері облыс әкімінің, облыс маслихатының және «Нұр Отан» Партиясының құттықтау хаттарымен марапатталды.
Мерекелік салтанатта 300 - дей ардагер ұстаздар, сала мекемелерінің басшылары, кәсіподақ белсенділері қатысты. Оларға қазақстандық өнім астаналық «Кербез» фирмасының қол сағаты сыйға берілді.
Салтанатты жиынға қатысушылар облыстың сол жағалауындағы жаңадан ашылған Рәміздер алаңымен танысып, естелік суретке түсті.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Г.Ескалиева
-
Фото
-