Тәуелсіздік салтанаты
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Зайсан ауданында білім беру қызметкерлерініңкәсіподақ мүшелерінің арасында табысты еңбек қайраткерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
ҚР "Дін істері мен азаматтық қоғам" министірлігінің азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Мусин Бауыржан Бағдатұлы құттықтауын жолдап, жылы лебізін білдірді. Аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов пен аудандық мәслихат хатшысы Д.Н.Ыдыршов ұзақ жылдар білім беру саласында жемісті еңбек еткен, бүгінде зейнеткерлікке шығып, әліде қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген Оспанов Қабдилвахит, Жалбағаев Талғатбек, Мұқанов Рысбек сынды белсенді қарияларға "Ауданның құрметті азаматы"-атағы мен төсбелгісін табыстады. Мектеп директорлары Сәрсенбаева Майгүл, Мұқанов Ықылас әкімнің алғыс хатымен марапатталды.Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының директоры Жиенгелдинов Е., бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Серикбаева С. марапатталды. Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін білім саласының кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Турнирдің салтанатты ащылуында Еліміздің Әнұраны шырқалып, бас төреші ойын ережесімен таныстырды. Сайысқа 18 команда қатысып Қаратал,Қазақстан спорт залы және екі спорт модулінде тартысты бәсеке басталды. Әр топтан шыққан жүлдегерлер ақтық сында кездесіп жүлделі орындарды сарапқа салды. Жүлделі бірінші орынды Шілікті мектебінің командасы, екінші, үшінші орындарды Спорт мектебі мен "Сайхан" спорт клубының жаттықтырушылары және "Жеңіске деген құштарлығы" үшін Қаратал мектебінің ойыншыларыда кәсіподақ тарапынан ақшалай, мадақтама қағаздарымен марапатталды.Үзіліс кезінде Қаратал мектебінің асханасында барлық ойыншыларға түскі ас берілді. Ойын ережесіне төрелік жасаған Иманбаев.О, Бисаров.О, Қазиев.Р,Әсетханов.Д, Жақсылықов.С Тұрысбек. А, Еспенбетов.Е, Чажаев.А, Саспаев.Д. төрешілерге алғыс айтылып, ақшалай сый-сыйапат жасалды.
Аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайранов Қабиолда Ергедікұлы жеңіспаздарды жеңістерімен құттықтап, спорт пен еңбекте табыс тіледі.
Жарыстың бас төрешісі Серикбаева Сауле,бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-