Кәсіподақ мүшелері арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өткізілді
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен желтоқсанның 10 күні кәсіподақ мүшелері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту арқылы жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру және студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау. Жалпы жарысқа 8 құрама команда жасақталды. Жарыс қорытындысы бойынша орынды Тарих, экономика және құқық факультетінің командасы, ІІ орынды Жаратылыстану – география факультетінің командасы, ІІІ орынды Филология факультетінің командасы жеңіске жетті. Осы жарыста Аяп Жарас «Үздік ойыншы» атанды. Жарыс барысын бас төрешілер мен медициналық қызметкерлер бақылап отырды. Жеңімпаздарға М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмас Кабдешов алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар және кубок табыстады.
-
Фото
-