
Республикалық жастар форумы
Ағымдағы жылдың 28-29 қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ» атты Республикалық жастар форумы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілді.
Республикалық форумға Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі және Бөрлі аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының атынан Назира Дендерова, Нұрбол Хамзин, Нұргүл Ихсанова және Ирина Мироновалар қатысты. Бағдарлама бойынша форум алдымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстандық мемлекеттік университетінде флешмобпен ашылды. Одан соң университеттің мұражайына саяхат жасап, мерекелік шараға қатыстық.
Форум барысында кәсіподақ қозғалысына және қоғамдық өмірге белсене қатысып өз үлесін қосқан жастарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар және Елбасымыздың өмірі жайлы жазылған кітаптар табыс етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілген Республикалық «Үздік плакат» байқауына қатысқан 139 жұмыстың ішінен жеңімпазы атанған Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданының Ақсай қаласы, № 2 бала – бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшесі Ирина Миронова дипломмен марапатталып, 15000 теңге сыйақы берілді.
Шарадан соң жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Кәсіпкерлік мектебі» колледжіне барып, «Әлеуметтік желі негіздері» және «Мен көшбасшымын» тақырыптары бойынша семинар – тренинг өткізілді.
29 қараша күні форум киелі Түркістан қаласына саяхатпен жалғасты. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін аралап, естелікке фотосуретке де түстік. Республикалық жастар форумында әр облыстан еңбек етіп жатқан белсенді жастар бір – бірімізбен танысып, бас қостық.
«Тәуелсіздік құрдастары» деген сөздің астарында бізге жүктелген үлкен жауапкершілік жатыр. Әрбір жас егемен еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуы тиіс. Осы форумға қатысқанымызға өте ризамыз. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаевқа және аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрғалары Ұлдай Сәрсенова, Максим Умбеталиев, Күнсұлу Шакенаева, Сәуле Жандалиеваларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған Шымкент қаласында өткізілген «ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ» атты Республикалық жастар форумына қатысуға ықпал еткендіктері үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Республикалық жастар форумы – тағы бір тарихтың парағы болып жазылары хақ. Бұл форум жастардың бойына ертеңге нық сеніммен қадам жасап, үлкен мақсаттарға ұмтылуға серпін береді. Себебі, осындай креативті жастар барда еліміздің келешегі кемел болары сөзсіз.
Форумға қатысушы Нұргүл Ихсанова
-
Фото
-