
«ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ»
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 9 жұлдызында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің акт залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруыменЕл Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Алғашқы болып сөз алып, бұл айтыстың ерекшелігі студент жастар арасында тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын тілге тиек ете кеткенХ.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстазы, профессорҚадір Жүсіпосы бастаманы қолдап, қорықпай, жүрексінбей үміттерін үкілі домбыраларына байлап ел алдына шыққалы тұрған жастарға үлкен сәттілік тіледі.
«Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс ұлттық өнер, қашанда ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана халық аталы сөздің қасиетіне бас иген. Сондықтан, бабалар мұрасын жалғастыра отырып торқалы тойға өз үлестерін қосуды жөн көрген жас ақындар тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын, еліміздің мерейлі жетістіктерін, жас буынға көрсетіліп жатқан қолдаулар мен сансыз мүмкіндіктерді жырға қосты. Жас ақындар жырлаған айтыс өз мәресіне жетіп, ынталандыру сыйлықтарына Есжанов Асылбек, Ізден Ерболат, Құттыбайқызы Зульфия ие болса, 3-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студентіӘбілхайыр Бимырза менКіші өнер академиясының оқушысы Ораз Елмұратқа, 2-орын Кіші өнер академиясының оқушысыАпуажанов Жақсылыққа, 1-орынАтырау индустрияландыру колледжінің студенті Қайыр Әділбекке бұйырды. Ал бас жүлдені Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің студенті Мұстафа Ғалымбек қанжығасына байлады.
Жас ақындардың барлығына да бағалы сыйлықтар табысталып, ұлттық өнерімізді насихаттайтын аталмыш шараның алдағы уакытта да жалғасын табуына тілектестік білдірілді.
-
Фото
-