
Тәуелсіздік игілігі үшін - қажырлы еңбек
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облысы Жылыой аудандық комитеті» филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік игілігі үшін - қажырлы еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты 1991 Тәуелсіздік алған жылдары мектеп басшылармен, білім бөлім басшыларымен сол кездегі қиыншылықтарды шешу жолдары, білім саласындағы жетістіктері туралы ой бөлісіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жетудегі күш -жігерлерін елінің жас ұрпағына арнаған, азаматтығы мен адамдығын насихаттау, еңбек ардагерлерін құрметтеу.Қазіргі таңда құрметті демалыстағы 1991 жылғы мектеп басшылары мен аудандық білім бөлім басшысы және өмірден өткен құрметті ұстаз ардагерлер туралы слайд – көрсетілімдер жіберіліп еске алынды. Тәуелсіздік алған тұста 1992- 1994 жылдар арасында ашылған №17 бастауыш, №19 орта, №20 орта, №21 негізгі мектептер туралы мәліметтер көрсетілді. Дөңгелек үстел басында 25 жыл ішінде білім беру ұйымындағы жаңалықтарды айта келе «Нұр аға», «Қазақтай ел қайда» әндері орындалып, ардагерлерге сыйлықтар мен құттықтау қағаздары табыс етіліп марапатталды. Дөңгелек үстел соңы мектеп оқушыларының «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
-
Фото
-