
«Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізілген іс-шара
Отбасындағы зорлық – зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық қыз балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары мен жан – жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Осыған орай Күреңбел қазақ орта мектебінде 16 күндік қыздар арасындағы зорлық-зомбылықсыз акция аясында 2016-2017 оқу жылындағы республикалық акция шеңберінде 15-25 қараша аралығында мектепішілік «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізілген іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Қыз балалардың зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелеріне қауымның назарын аудару, сонымен қатар қоғамда балаларға қатігездік жасауға жол бермеуге, сенімділікті тудыру мақсатында 1-11 сыныптар бойынша сынып сағаттары өткізілді.
9-10-11 сынып оқушыларымен мектептің мәжіліс залында тарих пәнінің мұғалімі Б. Садвақасова «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұматтар беріліп, зорлық түрлерін талдату арқылы адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететін түсіндіру мақсатында өтті. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, ондай әрекеттерге бармауға , адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.Оқушылар өз ойларын : Қоғам үшін ең бастысы –тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір екенін түйіндеді.Әлімжеттік, әлсіздерге күш көрсету ең жаман қасиет екенін оқушылар дәлелдеп, ой-пікірлерімен бөлісті.
8 сынып жетекшісі Ажибекова Ардақ 8 сыныптар арасында «Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың профилактикасы туралы Заңы» және отбасындағы зорлық-зомбылық, олардан жасөпірімдер қалай сақтандандыру оның алдын алу мәселері бойынша ситуациялық әрекеттермен көрсетті.
Ұстаздар арасында мектеп психологтары және мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Маукенова зорлық – зомбылықты анықтау бойынша сауалнама алынды. Сауалнаманың қортындысы бойынша барлық отбасында зорлық-зомбылық көрсетілмейтіні анықталды.
-
Фото
-