
«Ардагер ұстаздардың ұлағаты - жастарға үлгі»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласының Білім басқармасы және білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, Астана қаласы №7 мектеп-гимназия базасында ардагерлер мұғалімдер мен жас мамандар арасында «Ардагер ұстаздардың ұлағаты - жастарға үлгі» тақырыбында кездесу өтті.
Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып, аға буынның қажырлы еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы персоналды басқару басшысы Қылышпаева Жанна Ашумханқызы, Білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымының төрайымы Наурузбаева Балсұлу Мұзаппарқызы, ардагер ұстаздар Дембицкая Раиса Самсоновна, Сулейменов Оспан Сулейменұлы, Балташева Амантай Сакенқызы, Жаксылыкова Айтжан Ильясқызы,Джакупова Гульнара Абдумаликқызы,Рябова Валентина Ивановна, Исангулова Галина Николаевна т.б. қатысты.
Сонымен қатар № 1, 4, 7, 9, 72, 73, 74 мектеп гиназиясының және № 16, 40 орта мектептің жас мамандары өз ойларын ортаға салды.
Жастармен кездесуде ардагер ұстаздар тәжірибиелерімен бөлісіп, өздері еңбек еткен жылдардағы қызықты оқиғаларын әнгімеледі.
Кездесу барысында ұстаз мамандығының қыр сыры туралы,оқушыларды ұстаз енбегін бағалай білуге үйрету,оқу мен тәрбие беруде аға буынның қажырлы еңбектерін жастарға үлгі ретінде дәріптеу жөнінде мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыс етілді. Жас мамандар ардагер ұстаздарға алғыстарын білдірді.
-
Фото
-