Жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте» атты ІV форумы
Алматы қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте» атты ІV форумын өткізді.
Форум әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында өтті, оның қызметкерлері мен студенттерінің кәсіподағы Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының мүшелік ұйымы болып табылады.
Форумға Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхаммед Ешмұхамедұлы Төлеуғазин, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сыныптасы, Алматы облысының құрметті азаматы, Алматы облысы әкімінің Алматы қаласындағы өкілі, еңбегі сіңген қайраткер Едіге Исатұлы Жүнісбеков, Алматы қ. жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев, Алматы қалалық«Парасат» кәсіподағының төрағасы Данат Жанатайұлы Жанатаев және әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің проректоры Шолпан Ерболқызы Жаманбалаева қатысты.
Форумның бірінші бөлімінде экскурсия өтті, оның барысында қонақжай қабылдаушылар қонақтарға ҚазҰУ-нің кампусын көрсетті, бұл ретте «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен әл-Фараби кітапханасына айрықша көңіл бөлінді.
Форумның салтанатты бөлімі Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының жұмысы мен студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешудегі оның ауқымды үлесі туралы деректі фильммен ашылды, оған студенттерге шәкіртақы төлеу, өмір сүру жағдайы мен оқуы, жолақы төлемі кіреді, осы мәселелердің бәрін «Парасат» шешкен және шеше бермек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуға тиіспіз. Сондықтан форумды ұйымдастырушылар Қазақстанның ХХІ ғасырдағы келешегін айқындайтын «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруға студенттер кәсіподағы жастарының белсенді қатысуын оның басты мақсаты етіп белгіледі. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары М. Е. Төлеуғазин өз сөзінде дәл осыған баса назар аударды. Ол Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жастармен жұмысқа баса назар аударатынын атап өтті және залға жиналған белсенділердің Қазақстанды дамыған мемлекетке айналдыратынына сенім білдірді.
Форумға қатысушылар Е. И. Жүнісбековтің тілек сөзін аса қызығушылықпен тыңдады, ол өзің үшін ғана емес, өзгелер үшін де өмір сүрсең, өмірдің барынша қызықты әрі жарқын бола түсетінін өз үлгісімен көрсетті. Едіге Исатұлы сөзінде Н. Ә. Назарбаевты мысалға алғандықтан, оның сөздерінің маңызы арта түсті.
Форумға оңтүстік астана оқу орындарының өкілдері қатысқандықтан, Е. С. Бейсенбаевтың сөзі де ерекше ықыласпен тыңдалды. Қала билігінің жастар саясаты кәсіподақ белсенділерін қатты қызықтырды.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ш. Е. Жаманбалаева студенттер кәсіподағы – отансүйгіштік пен көшбасшылық мектебі екенін атап өтті. «Болашағымыз бірлікте!» форумына қатысушылар ертең-ақ Қазақстандағы әртүрлі ұйымдардың көшбасшысына айналады, сондықтан бүгіннен бастап олар өздері үшін маңызды міндеттерді айқындауы тиіс.
Форумды халықаралық іс-шара деп тануға болады, себебі оның жұмысына телекөпір арқылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Халықаралық кәсіподақ ұйымы қосылды. «Парасат» кәсіподағының көшбасшылары 2017 жылы 14-22 қазанда Сочи қ. өтетін ХІХ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне шақырту алды.
Алайда студенттерді – кәсіподақ белсенділерін өз қиындықтары мен жетістіктері барынша алаңдатты, сондықтан Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Әбдірахманова Әнелдің, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Асқарова Викторияның, Алматы технологиялық университетінің студенті Құрманғали Махаббат пен әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Бүрлібаева Шұғыланың баяндамалары ерекше ықыласпен тыңдалды.
Ең үздіктері ҚРКФ мадақтамаларымен марапатталды. Алты студент кәсіподақ шәкіртақыларының иегеріне айналды. Бұл, әрине, оларды басты ынталандырғыштар.
Форумның аясында жас спортшылар Амантай Бауыржан, Нұрмахамбет Мәулен және Ақпархан Самғар Универсиаданың «Жеңіс бүгіннен басталады!» эстафетасын қабылдады.
Осыдан кейін алматылық жоғары оқу орындарының өкілдері концерттік нөмірлерін көрсетті және біз жастарымыздың талантына кезекті рет тәнті болдық.
Пермь қаласының Сколково қорының қолдауымен жасалған Промороботтың сәлемдесуі форумды ерекше жандандырды. Осы электрондық, толықтай автономды «делегат» кез келген сауалға жауап берді, промо-материалдарды көрсетті және байланысқа түскен әрбір адамды есінде сақтап қалды.
«Парасат» Алматы кәсіподағының төрағасы Д. Ж. Жанатаев жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз бірлікте!» ІV форумын қорытындылай келе, барлық қатысушыларға алғысын білдірді және осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді, себебі олар жастардың бір-бірімен жақынырақ білісуіне, ортақ мәселелерді айқындауға және талқылауға және бірлесе отырып оларды шешу жолдарын табуға септігін тигізеді.
-
Фото
-