
Бастауыш Кәсіподақ – Ынтымақтастық кепілі
09.10.2016 жылы Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бастауыш Кәсіподақ- Ынтымақтастық кепілі» тақырыбында салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында байқау өтті.
Байқауға білім саласынан Сырдария ауданы №35 мектеп-лицейінің төрағасы Саркеева Жанна Есентұрқызы қатысып жүлделі 1 орынға ие болды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды.
1 кезең – бейнетүсірілім байқауы;
2 кезең - бастауыш кәсіподақ ұйымын таныстыру презентациясы, Еңбек заңнамалары және «Кәсіптік Одақтар туралы» Заң бойынша сұрақ-жауап, көркем өнер көрсету бөлімдері бойынша өтті.
Саркеева Жанна Есентұрқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысында мұшелерінің құқықтық қорғалуын, ұжымдық шарттың орындалуын, ұйымның ішкі жұмыстарын, мәдени шаралардың ұйымдастырылуын, кәсіподақ қаржысының жұмсалуын, кәсіподақ ұйымы жұмысының ашықтығын баяндап, әділқазылар тарапынан жоғары баға алды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерікәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымыныңтөрайым орынбасары Г.Б.Ескалиева