
Кәсіподақ қамқорлығы
Жыл сайын ұлттық өнеріміз тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі өтіп тұрады. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен спортшылар жиналады.
Осы аталмыш спорттық шараға Темір аудандық білім беру қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымы қаржылай көмек көрсетті. Жарысқа қатысуға ниет білдірген екі адамның бірі мен,Жүсібалиев Төлеген № 4 Шұбарқұдық орта мектебінің еңбек ардагері болсам, екіншісі Қыдырбаева Жамал № 6 негізгі мектебінің зейнеткері еді.
Жарыс еліміздің ең әсем өлкесі Бурабай шипажайы аймағында өткізілді. Ғажайып табиғатымен таңқалдырған Бурабайда бір жағынан жарысқа қатыссақ, екінші жағынан жақсы демалып қайттық.
Жарыс қорытындысында біз өз демеушілеріміздің үмітін ақтап жақсы нәтижеге қол жеткіздік.
Мен, Жүсібалиев Төлеген, жарыстың классикалық және блиц ойын түрлерінен І орынға ие болып, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атандым. Қыдырбава Жамал да блиц турнирінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Айтайын дегенім: біз сияқты білім саласына еңбегін сіңірген ардагерлерін ұмытпай, дер кезінде қолдау көрсеткен Темір аудандық кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз. «Кәсіподақ – қорғаның», - деген сөздің шындығы осы жерден білініп тұрған секілді.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,білім саласының еңбек ардагерлеріЖүсібалиев Төлеген, Қыдырбаева Жамал