«Тоғызқұмалақтан» бағы жанғандар
Қараша айының 11 жұлдызында Қостанай педагогикалық колледжде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Қостанай облыстық тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен «Тоғызқұмалақ – ақыл-ой өнері» атты тоғызқұмалақтан студенттер арасынан облыстық турнир өтті.Іс-шараның ауыз толтырып айтарлықтай ерекшелігі облыс бойынша 25 ер бала және 25 қыз баланың іріктеліп қатысуы. Ойын барысы швецариялық жүйемен өрбіді.
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Бұл ойынмен машықтанғандар: стратегиялық жоспар құруға, шыдамдылыққа, жүрісті алдын ала санауға, логикалық ойлануға бейім болып келеді. Себебі, зияткерлік (интеллектуалдық) ойын. Тоғызқұмалақтың арнайы тақтасында екі адам сынға түседі. Тақтада – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақ болады. Әр қатысушыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Шарты бойынша қазанына көп құмалақ жинаған ұтады.
Өте тартысқа толы жарыс қызықты болды. Жеті турдан тұратын жобаның қорытындысы бойынша ерлер арасынан Турсын Жасканат, Рахимбеков Аманжол, Адилбек Алибек жеңісті қанжығаларына байласа, қыздар арасынан Егорова Татьяна, Шайсултанова Салтанат, Мусабекова Алтынай топ жарды.
Бағдәулет Махсетов ҚМУ ГӘФ журналистика мамандығының 4 курс студенті
-
Фото
-