Студент Спортшыларды ұлығылау
Х.Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университетінің лық толы акті залында Қазақстан Республикасының халықаралық аренада намысын қорғап жүрген студент спортшыларымен кездесу өтті. Кездесуге Дзюдодан 2015 жылы Кореея өткен Әлем чемпионатынын қола жүлдегері, Риода өткен XV Параолимпиада ойындарына қатысушы Өнер және спорт фак. Денешынықтыру және бастапқы әскери кафедрасынын 2 курс студенті Сариев Ануар Берікұлы, Самбодан ҚР бірнеше рет чемпионы, 2016 жылғы Жастар арасында Әлем чемпионы Өнер және спорт факультетінің Денешынықтыру және бастапқы әскери кафедрасынын 3 курс студенті Самиғоллаева Эльмира, Бокстан 2013 жылғы Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатынын қола жүлдегері, 2014 жылғы Жастар арасында Әлем чемпионатынын қола жүлдегері, 2015 жылғы студенттер арасында Әлем чемпионатынын қола жүлдегері, 2016 жылғы Әйелдер арасында Әлем чемпионатынын қола жүлдегері Өнер және спорт факультетінің Денешынықтыру және бастапқы әскери кафедрасынын 2 курс студенті Ищанова Назым, Муай-тайдан ҚР 10 дүркін чемпионы, 2011 жылғы Әлем чемпионатында 3 орын, 2012 жылғы Европа чемпионда 3 орын, 2012 ж Әлем чемпионатында 2 орын, 2013 жылғы Әлем кубогінің иегері, 2013 жылғы Европа чемпионатының 2 орын, 2014 ж Европа чемпионатында 2 орын, 2015 жылғы Студенттер арасында Әлем чемпионатында 3 орын, 2015 жылғы Әлем чемпионатында 3 орын, 2016 жылы Әлем чемпионатындан 3 орын, Азия ойындарында 2 орын иеленген 4 курс студенті Галиев Ишан Мейрамұлы, Самбодан 2014 жылғы Әлем чемпионатынын күміс жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионы Дзюдодан және Самбодан 3 дүркін ҚР чемпионы. Қазақ күресінен 2 дүркін ҚР чемпионы 1 курс студенті Сүлейменова Анель, Самбодан ҚР бірнеше чемпионы, дзюдодан, самбодан халықаралық турнирлердің женімпазы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионатынын күміс жүлдегері, 2016 жылғы Азия чемпионатынын женімпазы 2 курс студенті Айдынбай Қайырберді, Дзюдодан ҚР чемпионы, самбодан ҚР чемпионы, Евразия ойындарының қола жүлдегері, ҚР Спартакияда чемпионы, Самбодан 2015 жылғы Азия чемпионы, 2 курс студенті Ашықбаев Райымбек, Самбодан 7 дүркін ҚР чемпионы, Дзюдодан жасөспірімдер арасында 2 дүркін ҚР чемпионы, Самбодан 2013 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы Әлем чемпионатынын қола жүлдегері. Евразия ойындарынын күміс жүлдегері 1 курс студенті Болатбекұлы Даурен және Кикбокстан 3 дүркін ҚР-нын чемпионы, 2014 жылғы Әлем чемпионатынын қола жүлдегері, 2016 жылғы Әлем кубогінің иегері 2 курс студенті Өтемисов Азамат қатысты.
Кездесуде сөз алған қонақтар, осы университеттің түлектері Пекин, Лондон олимпиадасына қатысушы Р.Х. Ибрагимов, әлем чемпионы М.Қ. Айтқалиев, университеттің спортшы ұстаздары Н.М. Мамбетов, А.С. Аралбаевтар қол жеткізген табыстармен қатар спортшыларды дайындау бағытында ұсыныстарын білдірді.
Бұдан әрі университеттің Ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры, профессор С.Н. Идрисов сөз сөйлеп кәсіподақ атынан бөлінген 50000 теңгені Риода өткен XV Параолимпиада ойындарына қатысушы, Өнер және спорт факультетінің Денешынықтыру және бастапқы әскери кафедрасынын 2 курс студенті Сариев Ануар Берікұлына табыстады. Кездесу соңы әнге ұласты.
-
Фото
-