Университет қабырғасында өткен дөңгелек үстел
2016 жылдың 27 қазанындаҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының, мәдениет басқармасының және бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Аңызға айналған қазақ хандары» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға ұстаздар мен студенттер белсене қатынасты.Шараны университеттің ғылым және инновация жөніндегі проректоры,тарих ғылымдарының докторы, профессорМұқтарӘбілсейітҚапизұлы ашты.
Дөңгелек үстел өте қызықты әрі тартымды өтті. Шара соңы студенттердің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасты.
-
Фото
-