
Батыс Қазақстан облысында өткізілген оқыту семинары
2016 жылдың 27-ші қазан айында Батыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұжымына кәсіподақ жұмысының салалары бойынша жан – жақты әдістемелік көмек беру мақсатымен Орталық комитеттің өкілдері іс – сапарда болды.
Келесі күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасының орынбасары, ҚР білім және ғылым министрлігінің қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаров 2016 – 2019 жылдарға арналған білім және ғылым Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі мен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің нормаларын практика жүзінде қолдану бойынша оқыту – семинарын өткізді.
Оған облыстық және аудандық жалпы білім беретін мектептер мен мектеп – интернаттары, мектепке дейінгі мекемелер, колледж және М.Өтемісов атындағы жоғарғы оқу орнының кәсіподақ жетекшілері, сонымен қатар аудандық білім бөлімінің меңгерушілерімен бірге Облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Ә.Тасмағамбетов қатысты.
Қызу пікір – таласпен өткізілген оқыту – семинарында білім саласының қызметкерлері көкейлерінде жүрген кейбір еңбек заңнамасы мен өзге де тақырыптарды қамтитын сұрақтарына толық жауаптарын алды. Өткізілген оқыту – семинарына қатысушылар болашақта өздерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының қорғалуы мен жағдайларының жақсаруы үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсінді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы М.Даупаев келген қонақтарға және кәсіподақ жетекшілеріне Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Семинар соңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұжымының ұйымдастыруымен концерт берілді.
-
Фото
-