Әлеуметтік әріптестік туралы Келісім
Кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйым және қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестігі екені мәлім. Сонымен қатар Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, тағы басқа байланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.
Егеменді Қазақстан Республикасындакәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбеккодексімен, Кәсіподақтар туралы заңымен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады, олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі.
Осы орайда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және Ақмола облысының білім басқармасы арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы келісімнің негізінде, Бурабай ауданының білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ Кеңесі арасында әлеуметтік әріптестік және экономикалық, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша 2016 – 2018 жылдарға арналғанөзара келісім жасалып, екі жақты қабылданды. Келісім мазмұны келесі бөлімдерді құрады
1. Жалпы ережелер;
2. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және келісім тараптарының қызметін үйлестіру;
3. Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары;
4. Еңбек қатынастары;
5. Еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау;
6. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты;
7. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру;
8. Қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
9. Кепілдіктер мен өтемақылар;
10. Еңбекті және денсаулықты қорғау;
11. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері.
Осы келісімге келесі қосымшалар тіркелді:
№1 қосымша. Бурабай ауданының білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесі арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған келісім туралы. Білім бөлімінің кеңесі мен білім қызметкерлері кәсіподағының шешімі;
Білім бөлімі Кеңесінің шешіміне, Кәсіподақ Кеңесі төралқасының қаулысына №2 қосымша. Әлеуметтік әріптестік жөніндегіекі жақтық аудандық комиссия құрамы;
№3 қосымша. Білім қызметкерлерінің жылсайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтылығы (кесте түрінде);
№4 қосымша. Зиянды, қауіпті, ауыр жағдайларда жұмыс істегені үшінжылсайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын, үстеме ақы алуға құқылы қызметкерлер тізімі.
Бурабай ауданының білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесі арасында 2016-2018 жылдарға арналған Келісім"Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемеcінің мемлекеттік инспекторы С.Ө.Ибраевпен бекітіліп аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде тіркелді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ Бурабай филиалының төрағасы А.Т. Абдрахманов