Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Костанай облыстық спартакиада өтті
2016 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім беру және ғылым қызметкерлері арасында жеңіл атлетика мен интеллектуалдық ойындардан облыстық спартакиада өтті.
Шараны ұйымдастырушы: «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ.
Шараның салатанатты ашылуына Қостанай аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жетекшісі Смышляева Екатерина Витальевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дене шынықтыру орталығының директоры Бимырзин Қуаныш Уахитович болды. Сондай - ақ жарыстардың ашылуына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, аудандық, қалалық кәсіподақтар комитеттерінің көшбасшылары, оқу орындарының директорлары мен спорт ардагерлері қатысты.
Жарыстар Қазақстан Республикасы Тәуелсздігінің 25 жылдығын тойлау аясында келесі мақсаттарды көздеп өткізілді:
білім қызметкерлерінің денсаулықтарын нығайту;
білім қызметкерлері арасында жеңіл атлетиканы насихаттау;
белсенді демалысты ұйымдастыру;
мықты командалар мен спортшыларды анықтау.
Спартақиадада 51 команданың құрамында 420 білім қызметкері бақ сынасты:
қалалардан - 4 команда:
аудандардан - 14 команда:
ЖОО - 3 команда
колледждерден - 22 команда:
интернаттардан - 8 команда.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша әр бір білім мекемесінің спортшылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының бірлескен грамоталары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңіл атлетика бойынша кросстың нәтижесі:
Ерлер арасында сөзсіз жеңіске М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік - экономикалық Университетінің өкілі Совгуров Александр, ал әйелдер арасында Федоров ауданының өкілі Павлова Марина жетті.
Бірінші орындарға қол жеткізгендер:
Сыздықов Қанат - Арқалық қаласы, Стугарева Кристина - Рудный қаласы, Ткаченко Никита және Зеленская Юлия - Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Смағұлов Азамат - Меңдықара ауданы, Степаненко Алада - Таран ауданы, Махмұтов Руслан - Қазақстандық агротехникалық колледж, Қарина Айгүл - Қостанай индустриалдық - педагогикалық колледжі, Қараичев Дмитрий - Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ, Багрий Юлия - «Озат» ДБМ.
Командирлық жарыстын жеңімпаздары: Жұрқабаев Марат - Қостанай ауылшаруашылдық колледжі, Скачкова Валентина - Ұзынкөл ауданы.
Шахматтан бірінші орын алғандар:
Николаев В. В. - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық Университеті,Ринг Татьяна - Рудный қаласы.
Дойбыддан жеңімпаздар:
Бондаренко Юрий - А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Серікова Назым - Әулиекөл ауданы.
Тоғыз құмалақтан бірінші орын алғандар:
Қақашев Арман - А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Нөсіріва Қымбат - Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ.
Интеллектуалдық ойындардан жалпы командалық жүлделі орындарды қанжығаларына байлады:
1 орын - А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ;
2 орын - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты;
3орын - Меңдіқара ауданы.
Спартакиаданың 53 қатысушысы грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Спорт ардагері, облыстық жарыстардың тұрақты қатысушысы Асқаров Мұхаметқалы Сеилович 70 жылдығына орай ақшалай сыйлық және Алғыс хатпен құрметтелді
-
Фото
-