
Еңбек күні мен Қарттар күніне арналып өткізілген шаралардың ақпарламасы
Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған әрекет. Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімі бірлескен Еңбек күні мерекесін іске асыру мақсатында іс-шаралар бекітіліп, мереке атылп өтті.
Мерекенің басты мақсаты-еңбек қоғамын құру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулеттеріндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады. Меркеге орай іс-шаралар ұйымдастырылып, сонымен қатар, білім беру ұйымдары аулаларды жақсарту мақсатында сенбілік жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жас мамандарға арналған «Мәңгілік ел тірегі-жастар» тақырыбында «Жайдарман» КТК жарысы өтті. Білім беру мекемелерінен 25 топтар қатысып өз өнерлерін көрсетті. Жас мамандар өз шығармашылық белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Топтар ішінен үздік танылған топтарға жүлделі орындар берілді. Қазылар алқасы Бас жүлдеге М. Атымов атындағы мектеп командасы, 1-орынды «Балбөбек» бала бақшасы иеленді. Байқау қорытындысы бойынша аудандық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Дина Ақжанова қатысушыларға ақшалай сыйлықтарды табыс етті.
Ал, Жаңаөзен қаласының білім беру мекемелерінде қарттармен, еңбек ардагерлерімен, ұлағатты ұстаздармен кездесулер, өндірістік мекемелерге және кәсіпорындарға экскурсиялар, сенбіліктер ұйымдастырылып өткізілді.
7, 10 сыныптарда «Еңбек түбі - береке» тақырыбында ұлағатты ұстаз Науқанбаева Әнипа апай және қарт мұнайшы Әділбаев Жанжігіт атамен кездесулер өтті, 8-9 сыныптар «Ашық есік» күні акциясы аясында сүт зауытына, шаштаразға, наубайханалар мен тігін шеберханаларына курсияға шықты.
Мерекелік шаралар зейнеткер ұстаздардың қатысуымен өткен салтанатты жиынмен қорытындыланды. Жиында зейнеткерлер ҚББ-нің алғыс хатымен және мектеп кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен сыйлықтармен марапатталды.
Қарақия ауданы кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақтыгүл Оразбайқызы Тналиеваның ұйымдастыруымен «Еңбек адамы-еліміздің ең жоғары құндылығы мен тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шараға ауданның білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақұйымдарының төрағалары және мектеп директорлары қатысты.
Еңбегімен еленген; бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары,
А. Бекова,Ә. Нұржанова, М. Арызгулова, А. Матсалаева, А. Кожалыковалар «Аумақтық кәсіподақ орталығы мен «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Еңбек күніне арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумының жұмысына Маңғыстау облысынан бір топ кәсіподақ көшбасшылары қатысып келді.
«Еңбегінен ел таныр...» деген жанымызда жүрген құрметті жандарымыздың еңбегін бағаласақ – ұзақ жылдар бойы жұмысына адал қызметкерлерді құрметтесек, нұр үстіне нұр болары анық.