АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ЫҚЫЛАС
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде Мұғалімдер және Қарттар күнінің құрметіне еңбек ардагерлерін құттықтау кеші өткізілді.
Ардагерлер көрсеткен ыстық ықыласты қуанышпен қарсы алды, себебі олар туралы естеліктер, көрсеткен ерен еңбектері, жеке және кәсіби сапалары ұжым есінде жаңғырып тұр.Кездесуге 36 ардагер келді.
Олардың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылып, Л.Т.Астраханцева, Г.Г.Покидко, Т.К.Ярыгина, Т.В.Голубицкая сынды мерейтой иелері құттықталды. Кеш соңында естелік ретінде адагерлер, оқытушылар және концертке қатысушылар фотосуретке түсіп, салтанатты дастарғанға шақырылды.
Колледждің бірінші басшысы Фарад Сақанұлы оқу орнының білім беру қызметін арттыруға бағытталған колледждің болашаққа арналған жоспары жайлы айтып өтті. Ардагерлер колледж директорын ұйып тыңдады, себебі олар бүгінгі таңда да қоғамға пайдасын тигізе отырып, ұзақ жылдар еңбек еткен осы ұжымның мүшесі болып табылады. Сондықтан колледждегі болып жатқан жайттардың барлығы оларды қызықтырары сөзсіз.
Кездесу ерекше көңіл-күйде жағымды атмосферада өтті. Ардагерлер еңбек еткен жылдарын, өмірден мезгілсіз кеткен әріптестерін еске алды. Өлеңдер оқып, колледжге, оқытушыларға, студенттерге арнап жылы лебіздерін білдірді. Колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымына өздеріне ұдайы көрсетілген қамқорлығы үшін алғыстарын айтты.
Бұндай кездесулер әрдайым жүрекке жылу сыйлайды: адамдар бір-бірін бағаласа, жақсылық жасаса, жан жылуын сыйласа - Жер Ана да бір жасап қалады.
Шығыс Қазақстан гуманитарлықколледжі кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанна Даутова
-
Фото
-