Үлкенге құрмет, кішіге ізет!
Ақмола облысының Бурабай ауданында білім беру қызметкерлері жылдағы дәстүрлі ардагер ұстаздарға қошемет, құрмет көрсету іс-шараларын жалғастыруда.
Ауданымызда жиырма жылға жуық Ұстаздар күнімен қоса аталып өтетін қарттарды қолдау айлығы ұйымдастырылады, осы айлық жоспарында аудандық білім бөлімімен білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі біріге отырып бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды.
Щучинск қаласының «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының базасында ардагер ұстаздармен жоғары жетістікке қол жеткізген қатардағы мұғалімдерге арналған кеш өтті.
Келесі өнегелі іс-шараның бірі аудан әкімінің жас мамандармен кездесуі. Биылғы оқу жылында өз еңбек жолдарын алғашқы рет бастағалы отырған 37 жас мамандармен кездесу өтіп, онда ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпанова жас мамандарға ақ жол тіледі.
Сонан соң аудандық мәдениет үйінің төрінде ұстаздар мен ардагерлерді салтанатты марапаттау жиыны өтті. Көптеген деңгейдегі марапаттарымен қатар Кәсіподақтар төс белгісіне иегерде болды. Атап айтсақ Щучиснк қаласының мектеп-интернатының директоры А.А.Исмагуловаға салтанатты түрде Кәсіподақтар төс белгісі тапсырылды. Жиын үлкен музыкалық кешке ұласып шақырылған қонақтар көтеріңкі көңілмен тарқады.
Жоспар бойынша шаралар ай бойы жалғасып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. «Дүние кезек» деген қазағымның өнегелі сөзі көп мағынаны білдіреді, әрі тәрбиелік мәні де айтарлықтай. Бұл дәстүрлі шараларымыз кейінгі жастарымызды ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
Ақмола облысы Бурабай ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы А.Т. Абдрахманов
-
Фото
-