
АРДАГЕР-ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының Талас аудандық комитеті дәстүрлі түрде педагогика еңбегінің ардагерлерімен «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ардагер-ұстаздар өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіріп, мерекелік дастархан басында өз тәрбиеленушілерін, өмірінің тамаша сәттерін еске алды, педагогикалық шеберлігінің сырларымен бөлісті, кәсіподаққа деген ризашылық сезімдерін айтты.
Барлық он ардагерге аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті атынан естелік сыйлық үлестіріліп, ардагерлерге денсаулықтары мықты, өмір жастары ұзақ, отбасында бақытты болсын деген тілек айтылды.
-
Фото
-