
ЖАСАСЫН ЕҢБЕК!
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ саласындағы барлық іс-шараларға белсене қатысатын ұйымның бірі. Жыл сайын Еңбек күнін атап өту – бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің дәстүріне айналған.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақсауле Каримбекова мен белсенді жастар біріге отырып, «Жасасын Еңбек!» тақарыбында дөңгелек үстел өткізді. Осы іс-шараға жұмыс беруші – Л.Асанова, бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамына жаңадан кірген мүшелер, ардагер ұстаздар мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Дөңгелек үстел барысында топқа бөлу, пікір алмасу және ой бөлісу үрдісі жүзеге асырылып, «ЕҢБЕК» ұғымының маңыздылығы мен бүгінгі таңдағы құндылығы айқындала түскендей болды.
«Еңбек. Тарих. Адамзат» тақырыбында көрсетілген бейнефильмнен керемет әсер алған дөңгелек үстел қатысушылары «Жасасын Еңбек» тақырыбында эссе жазып, көпшілік назарына ұсынды. Кәсіподақ белсенділерінің арасындағы жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасының арқасында жұмысқа орналасып, еңбектеніп, бүгінгі таңда ауыл шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырғандарын тілге тиек етті. Жас маманның бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Бердібаева топ идеясын қорғап, еңбек етудің шынайы үлгісін өз тобына ұсынылған тапсырманы орындау арқылы көрсете білді.
Дөңгелек үстелге белсене қатысқан жұмыс беруші – Л.Асанова «Еңбектің қалыптасы тарихы» тақырыбында постер жасауда топ мүшелеріне қолдау көрсетіп, топтың постерін қорғап шықты. Дөңгелек үстел соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Каримбекова әрбір қатысушыға өзінің туындысы - «Еңбек» атты өлеңін ұсынып, еңбектеріне жеміс және шығармашылық табыстар тіледі.
-
Фото
-