
ЕҢБЕК КҮНІ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСТЫ
Жамбыл облысы, сарысу ауданы, Донда Сенбин атындағы орта мектебі кәсіподақ ұйымының мүшелері Елбасының жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру идеясын нығайту мақсатында «Еңбек күнін» ұйымдастыру жөніндегі бастамасына орай «Бүгінгі кәсіподаққа – белсенді жастар» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырды.
Мектеп директоры Е.Жантенов атаулы мерекеде барлық кәсіподақ мүшелерін Еңбек күнімен шын жүректен құттықтап, адал еңбектің өз жемісі болатынына еш күмән жоқ екенін, сондықтан ел игілігі мен мемлекет болашағы үшін, әр отбасының берекесі мен бақыты үшін күресіп жатқан еңбек қауымына зор денсаулық, табысты нәтиже, биік жетістік тіледі.
Мектепте осы мақсатта «Өз кәсібінің үздігі» тақырыбында кеш өткізілді. Бұл кеште мектептің білім беру саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан қарт ұстаздар Б.Усембаева мен Г.Мантиковалар шақырылып, жас ұстаздарға еңбек жолдары туралы әңгімелеп берді. Зейнеткерлер құттықтау сөз сөйлеп, өтіп жатқан шараға құрметтеп шақырылғандары үшін алғыс айтып, кәсіподақ қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, жұмыстарына үлкен жетістік пен биік шыңдарға жетуді тіледі. Қызығы мен қиындығы мол Ұстаз еңбегін елеп-ескеріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кәсіподаққа алғыстарын айтты. Кеш барысында жас ұстаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Сенбі күні «Еңбек» акциясын ұйымдастыру үшін сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлер мектептің іші-сыртын ретке келтіріп, аулаларын жапырақтардан тазалап, ағаштарды қысқы маусымға қарсы күтім жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке мекемеде жұмыс істейтін 45 қызметкер түгел қатысып, «Еңбеккүні» осылайша нағыз еңбек мерекесіне айналды.
Галия БАЙГАРАЕВА,Д.Сенбин атындағы бастауышкәсіподақ ұйымының төрайымы,ЖАМБЫЛ облысы, САРЫСУ ауданы
-
Фото
-