
Әлеуметтік әріптестер форумы Павлодар облысында
Еңбек күні және Мұғалімдер күні мерекелері қарсаңында Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп әлеуметтік әріптестер форумын өткізді. Білім беру басқармасының басшысы Б.М. Бексейітова өзінің алғысөзінде республикалық білім беру жүйесінің рейтингісінде Павлодар облысы барлық позициялар бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтіп, форум қатысушыларына алғысын білдірді.
ҚБ төрайымы Г.Ә. Наурызбаева облыстық білім беру жүйесінің республикадағы көшбасшылар қатарында болуы – Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар аясындағы білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қоян-қолтық жұмыстарының нәтижесі деген ой тұжырымдады.
Әріптестік қарым-қатынас туралы Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қ.Т. Смағұлов, ҚБ филиалының төрайымы С.Ш. Сейітова, Лебяжі ауданы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы өз ой-пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында 48 адам білім беру басқармасының Алғыс хаттарымен, Павлодар облысы кәсіподақ орталығының, сонымен қатар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен қалалық/аудандық көлемдегі білім беру бөлімдерінің басшылары мен кәсіподақ комитетінің төрағалары марапатталса, білім беру бөлімінің басшылары мен кәсіподақ көшбасшылары қатарынан 6 адам «Көктем» шипажайына тегін жолдама алды, қалғандары ақшалай сыйлықтарға ие болды.
-
Фото
-