Мұғалімдер отбасыларының «Өнерлі отбасы» форумы
ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтің бастамасымен 2013 жылы Қазақстанда алғаш рет «Отбасы күні» белгіленді. Бұл мереке үшінші жыл қыркүектің екінші жексенбісінде тойланып келеді. Жарғыда «Отбасы күні» - әрбір мемлекеттің демографиялық саясатына, экономикалық - әлеуметтік дамуына әсер ететін заманауи қоғамның негізгі ұйымы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды» деп айтылған.
Осы Жарғы мәнмәтінінің негізінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының құптарлық бейнесін, өнердің әрбір саласында бірлескен отбасылық творчествалық дәстүрлерді жандандыру арқылы творчествалық және әлеуметтік белсенділікті көтеру мақсатымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мұғалімдер отбасыларының «Өнерлі отбасы» облыстық конкурсын өткізу идеясы туындады. Конкурсты ұйымдастырушы және шабыттандырушы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы.
Конкурс ІІІ кезеңнен құралды.
Конкурстың І кезеңі (сырттан): қатысу өтініштері мен творчествалық жұмыстарды қабылдау.
Конкурстың ІІ кезеңі: «Бізде шабыт оянды». Отбасынан бір көркем өнерпаздық нөмір.
Бірнеше айға созылған қажымас еңбек конкурсқа қатысушыларды біріктірді. Репетициялар, даулар, шығармашылық. Отбасы өмірінен фотосуреттерді, отбасылық нышандарды, отбасы туралы шағын әңгімені әзірлеу қажет болды. «Отбасылық тарих» видеоролигі отбасының тұсаукесері ретінде отбасының бірлескен жұмысын көрсетуге бағытталды.
Конкурстың ІІІ кезеңі: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған мұғалімдер отбасыларының «Өнерлі отбасы» облыстық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты құрметтеу Форумы.
«Педагогтардың шығармашылығымен, олардың өмірлік салтымен танысу, дарынды музыканттар, бишілер, ақындар және тамаша қарапайым адамдар тәрбиелеп отырған әртүрлі отбасылар бақыттарының құпиясын ашуға мүмкіндік берді - деді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Ділдәбекова З. Қ. - Ұстаздар әулеттерін алсақ. Олар тек қана балалары ата - аналарының мамандығын жаратқан, творчествалық және ойларының дамуларына жақсы жағдайлар жасалған отбасыларында қалыптасу мүмкін. Мысалы: Қарасу ауданында тұратын Нұржановтар әулеті. Бұл әулет бір рудың ғана тарихы емес, бір елдің тарихы. Пікірлестердің ұжымында өздерінің саясаткерлері, спортшылары, дәрігерлері, дирижерлары, вокалистері, әрине педагогтары да бар. Осы отбасы «Ұстаздар әулеті» номинациясын қанжығасына байлады».
Филатовтар, Идьиндар, Кондратьевтар, Сайфиевтер, Мұхамеджановтар сторттық отбасылары балаларының мүдделері мен салауатты өмір салтын материалдық құндылықтан жоғары бағалайды. Табиғаттқа саяхат, алау жанында әндер ... Олар «Спорт- менің отбасымның пәлсапасы» номициясына ие болды.
Қостанай қаласының Терентьевтар отбасы. Олар алдымен өз жұмыстарына шексіз берілген мамандар, өз ісінің майталман шеберлері. Сонымен қатар әрбірі жақсы хоббимен әуестенген. Бекмағамбетовтар отбасы халық қолөнерімен әйгілі. Туғанбаевтар ескі газеттерден көптеген пайдалы және қызық заттар жасауға құмар.
«Отбасымның хроникасы» номинациясы - әртүрлі фотосуреттер, отбасылық бейне роликтері, газет мақалалары, отбасылық альбомдар, бір сөзбен айтқанда өткен уақыттың күәгерлері. Бұл номинацияға Денисов ауданынан - Жұрқабаевтар, Рудный балалар үйінен - Козыловтар, Қостанай ауданынан - Есжановтар, Қостанай қаласынан - Калмыченко, Әуликөл ауданынан - Ғабдығалиевтар, Жанкелді ауданынан - Мырзағалиевтар, Арқалық қаласынан - Қабылдиндар, Федоров ауданынан - Валеевтар, Әулиекөл ауданынан - Ысқақовтар, Лисаков қаласынан - Бақдәулетовтар отбасылары лайық деп танылды.
Конкурсқа қатысқан әрбір отбасы отбасының таңбасын жасауға бірнеше күн жұмсады. Шығармашылық ізденістің, қиялдан туған таңбалары Ұзынкөл ауданынан -Шаяхметовтар мен Байымбетовтар, Қостанай қаласынан - Тарасенколар, Қарабалық ауданынан - Дәулетовтар, «Затоболец» стадионынан - Екубовтар, Сарыкөл ауданынан -Тайжановтар мен Сұлейменовтар отбасыларын «Отбасымның нышандары» номинация бойынша жеңіске жеткізді.
«Өнерлі отбасы» конкурсына Қостанай облысының 16 аймағынан қатысқан 32 отбасы форумның құрметіне ие болып қана қоймай, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, олардың мықты дәстүрлері мен бірлескен творчествалық әуестері көптеген отбасының оларға ұқсас болудың шынайы ықыласын туғызды.
Барлық қытысушылар білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ обкомының грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
-
Фото
-