Батыстан келген қонақтар Оңтүстік өңірінің қонақжайлылығына ырзалық пейілдерін білдірді
2016 жылдың 19 – қыркүйегінде Орал қаласының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Темиргалиева Марина Хамитқызы және заңгер Курмангазиева Гулжанат Есетқызы «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптық одағының Оңтістік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне іс сапармен тәжірибе алмасу мақсатында келді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары Абуов Ахмет Шамұратұлының бастауымен Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жұмыстарымен танысу, әдіс алмасу мақсатында Гүлжан Әсілбайқызының қабылдаунда болды. Атқарылған жұмыстармен етене таныс болу үшін қалалық комитеттің оқу әдістемелік орталығына келді. Орталықта жұмыс жоспарымен танысты. Заманауи тұрғыда безендірілген кабинетті, техникалық құралдарды, мезгіл сайын жаңаланып тұратын материалдар және стендтерді көріп танысты. Кәсіподақ белсенділерін оқыту, кәсіподақ оқуын сапасын арттыруға жасалған іс шаралар, жоспарлар қонақтардың көңілінен шығып үлгі ретінде өздерінің жеке парақшаларына жазып алды. Жаңа еңбек заңнамасына сәйкес еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жүргізіліген жұмыстармен танысты. Қазақстан Республикасының жаңа еңбек кодексінің қабылдануына байланысты келісімдер мен ұжымдық шарттарға толықтырулар мен өзгерістер еңгізіліп кәсіподақ белсенділерімен талқыланған шараларды кәсіподақ маманы таныстырып өтті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін нақтылап, насихаттау мақсатында түсірілген бейне ролик көрсетілді. Әдіс алмасу мақсатында келген қонақтар игі іс шаралардың нәтижесіне ырзалық пейілдерін білдірді. Алыстан ат арылтып келген іс сапардың берері мол, әріптестік ынтымақтастықты нығайтып, болашаққа батыл қадам жасауға жол ашты.
Түркістан қалалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіподақкомитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фото
-