
«Ата кәсібін мұра еткен ұрпақ» тақырыбындағы ұстаздар династиясымен кездесу шарасы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының жылдық жұмыс жоспары негізінде 25 қыркүйек Еңбек күні мерекесіне орай Х.Нәубетов мектебінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ата кәсібін мұра еткен ұрпақ» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараның мақсаты:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қатынасқан оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға Ардагер ұстаз Закария Қабделкәрімұлы,ширек ғасырдан астам отасқан жары Тотан Марданқызы,ұлы Арман Закарияұлы- Атырау мемлекеттік университетінің география пәнінің мұғалімі, келіні Гүлжан Төлеуханқызы - биология пәнінің мұғалімі, қызы Сандуғаш Закарияқызы - математика пәнінің мұғалімі, қызы Жарқын Закарияқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, келіні Майра Ізбасарқызы–қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қызы АқбөбекЗакарияқызы- математика пәнінің мұғалімі қатынасты.
Шара барысында Жұмағазиевтар әулетінің басшысы, ардагер ұстаз Закария Қабделкәрімұлы әулеттің өткен өмір жолдарымен таныстырып, «Ата кәсібін мұра еткен ұрпақ» атты Слайд-презентациясымен көркемдеді.Мереке соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.
-
Фото
-