
Ақмола облысы Қорғалжын аудыны өңірінде «Халықаралық еңбек күніне» арнайы өткізілген іс-шаралары
Еңбек-адам өмірінің мәні. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталатыны анық. Биыл елімізде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында «Еңбек күні» мерекесі Қорғалжында да жоғары деңгейде аталып өтті. Атап айтатын болсақ, аудандық кәсіподақ мүшелерін спортпен айналысуға, азаматтық-патриоттық сезімдерге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау барысында үстел теннисі сайысы ұйымдастырылды. Аудан бойынша білім ордаларынан мұғалімдер мен жұмыскерлер тобы құрылып, 24-қыркүйек күні өткен салтанатты ашылуына жеңімпаз үміткерлері спорттық киімде қатысып, сайыс барысындамектеп беделін қорғады. Сол күні жабылуы өтіп, барлық қатысушылар марапатқа ие болды.
Шығармашылық – жетістік бастауы болғандықтан, еңбектің маңыздылығы мен қажеттілігін ұғындыру, еңбексүйгіштікке, еңбекке ынталы болуға,болашақта қоғамға пайдалы болу жолын қалыптастыру, дарынды тұлғаны анықтап, оның шығармашылық қабілетінің өсуіне өз тарапымыздан қолдау көрсету мақсатында өз мамандығын дәріптеу арқылы өлеңдер байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқау міндеті мен шарттары, критерийлері, өтілу тәртібі мектептердің электрондық пошталары арқылы жүзеге асты. Комиссия құрамы өлеңнің шығарылу тәртібін басшылыққа ала отырып, қорытындысы шығарылды.
16 қыркүйек күні Усенов атындағы орта мектепте аталған мерекеге арналған мектебіміздің жас мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел аясында мынадай мәселелер талқыланды: еңбек қорғау құқығының түсініктері және қағидалары; еңбек қорғау құқығы туралы; адам еңбегі туралы түсінік. 17 қыркүйек күні Усенов атындағы орта мектепте аталған мерекеге арналған 6 - 8 сынып оқушылары және мұғалімдер мен мектеп жұмысшыларынан құралған топ мектеп ауласында сенбілік атқарды.19 қыркүйек күні Усенов атындағы орта мектепте «Көңілді эстафета» өткізілді. 11 сыныптың оқушылары мен мектеп ұстаздарынан құралған екі команда өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. 22 қыркүйек күні Дружба орта мектебінде көпжылғы еңбекті дәріптеу мақсатында 25 жыл өтілі бар педагогтар мен жұмыскерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. Кеңбидайық орта мектебінің ұжымы мен мектеп оқушылары еңбек күніне орай, экологиялық тазалықты сақтау бағытында, тазалық күнін өткізді. Мектеп жанындағы алаң тазартылып, қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, бастауыш сынып жетекшілері «Еңбек түбі - береке» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушыларды еңбекке баули отырып, кәсіби білім беру мақсатында, әр сынып «Біз еңбек етеміз, табыстарға жетеміз!» ұранымен газет шығарып, сыныптар арасында флешмоб биі ұйымдастырылды.20 қыркүйек күні Қызылту орта мектебінде «Бақыттың кілті – еңбекте» тақырыбында мектеп кітапханашысы кітапхана көрмесін өткізді.21 қыркүйекте 5-7 сыныптар аралығында мерекеге орай «Еңбектің наны тәтті» ұранымен жәрмеңке ұйымдастырылды.«Аула тазалығы-деннің саулығы» тақырыбында таза бейсенбілік өткізілді.«Еңбек адамын ардақтайық» тақырыбында мектеп мұражайына 1-сынып оқушыларын апарып, еңбек ардагерлері туралы мәлімет берді.
«Еңбегіне қарай – құрмет» демекші, көпжылғы атқарған жұмыстың жемісіне бөлену – адамзатқа сай болғандықтан, әр қазақстандықтар елінің өркендеуі барысында қанаттары талмай еңбекке кірісуі шарт.
Қорғалжын ауданнын кәсіподақ үйымының төрағасы Н.Тәжин
-
Фото
-