
Білім беру қызметкерлерінің спартакиадасы
Атырау облысының Индер ауданында«Еңбек күні» мерекесіне орайбілім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті.
Ұстаздар спорттың “Ұзындыққа секіру”, “Төспен жерге тартылу”, “Жатып кеуде көтеру”, “Арқан тартыс” түрлерінен жарысқа түсті.
І орынды Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің командасы иеленсе, М.Әуезов және Махамбет атындағы орта мектептердің командалары ІІ және ІІІ орындарды бөлісті.
Барлық жеңімпаздарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау Индер аудандық комитетінің арнайы Дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Сонымен қатар, еңбек мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімі менҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Индер аудандық комитетінің “ҚҰРМЕТ КІТАБЫ” дайындалып, оған еңбек озаттары мен ардагерлердің есімдері арнайы бірлескен қаулымен енгізілді.
-
Фото
-