ЕҢБЕК КҮНІ ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ БОЛМАҚ
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Индер аудандық комитеті” филиалы«Еңбек күні» мерекесіне орай аудан көлемінде «Еңбек ардагерлері ортамызда» тақырыбындағы мәдени – көпшілік шара ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, өндірістік қызметтерді ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттау мен көпжылдық еңбек дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті күшейтуге және жастар арасында жұмысшы кәсібіне деген қызығушылықты арттыру, нығайту болып табылады. Сонымен қатар, жұртшылықты еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, озаттары мен үздіктерінің ізгі жолын, еңбек әулеттерінің өнегелі қырларын көпке үлгі ету, сол арқылы адамдарды еңбекке баулып, ынтасын арттыру көзделген.
Кездесуге білім саласының ардагерлері “ССРО халыққа білім беру ісінің”, “ҚССР халыққа білім беру ісінің” үздігі белгісінің иегері Ибрашев Алпан, “Аға мұғалім”, “ҚССР – халыққа білім беру ісінің үздігі төс белгісінің иегері Сатыбалдиева Қамария, “ Құрмет белгісі ” орденінің және ”, “ҚССР халыққа білім беру ісінің” үздігі төс белгісінің иегері Көргенов Махамбет пен “ҚССР халыққа білім беру ісінің” үздігі төс белгісінің иегері Елеуова Талшын апаймен және зейнеткерлеріміз С.Мухсимов пен А.Кдырованың қатынасты.
Зейнеткерлер құттықтау сөз сөйлеп, өтіп жатқан шараға құрметтеп шақырылғандары үшін алғыс айтып, кәсіподақ қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, жұмыстарына үлкен жетістік пен биік шыңдарға жетуді тіледі.
-
Фото
-