
Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Студенттік кәсіподақ ұйымы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен«Тілі басқа- тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.«Тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Ұлы ел екеніміз баршаға аян! Көп ұлтты құшағына сыйдырған – Ұлы дала - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Студенттер қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, әзірбайжан және т.б. тілдерде әндер айтып, өлеңдер оқып қана қоймай, түрлі ұлттардың ұлттық билерін биледі. Университеттің Көңілді тапқыштар клубының қатысушылары жиналған қауымды әзілдерімен күлдіртіп, ыстық ықыластарына бөленді.
Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Калимолдина Ж.А.
-
Фото
-