Кәсіподақ - еңбек жаршысы
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы Еңбек күні қарсаңында ұзақ жылдар ұстаздық еткен,барлық саналы ғұмырын ел болашағының негізі-жас ұрпақты біліммен нұрландырған, үнемі өмірде өз орнын табуға жол сілтеген өркениетке бастар жолдың бастауында болғанбүгінгі зейнеткер - ұстаздарға арналған салтанатты кеш ұйымдастырды.
Мерекелік дастархан жайылып, ән-жырдан шашу шашылды, жастық жалындарын еске алып ерекше қуаныш сезімде болған ұстаздарға зор құрмет көрсетілді.
Меркелікіс-шараға өз құттықтаулары мен алғыс хаттарымен марапаттауға аудан әкімінің орынбасарылары Марат Уәли мен Мергүл Сапарғалиева, аудандық маслихат хатшысы Дәулет Нұрханұлы Ыдырышев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева, "Нұр Отан" партиясының басшысы Меруерт Мұратқызы Қайрақова білім бөлімінің басшысы Нұрлыбек Айтмұқашұлы Қалибаев және мектеп директорлары, кәсіподақ төрағалары жылы лебіздерін білдірді.
Биылғы зейнеткерлікке шыққан барлық ұстаздарға алғыс хаттар, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Жиналған қауым қызығы мен қиындығы мол Ұстаз еңбегін елеп-ескеріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кәсіподаққа алғыстарын айтты.
Мейірім шуағы мен талаптың тегеурінін қатар өргізген ұстаздардың еңбегі өлшеусіз.
Сәуле Серікбаева,М.Дәуленов мектеп-интернатының кәсіподақ төрайымы
-
Фото
-