Мемлекет құндылығы – еңбек адамы
Ақтөбе облысының Кәсіподақ Орталығының конференц-залында 2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәеулсіздігінің 25-жылдығына орай Еңбек күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымынан үздік кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Ақтөбе облысының Кәсіподақ Орталығының Құрмет грамоталарымен және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының сыйақыларымен марапатталды.