
Еленген еңбек, ақталған үміт
Ұстаз болу аса бір зиялы, жауапкершілігі мол қызмет. Барша адам, бар мамандық иесі осы ұстаз алдынан өтеді, ұстаз арқылы тылсым дүние сырына қанығады. Сондықтан шәкіртті ұлағат тұтқан ұстаз – жан-жақты ізденімпаз, білімді болып келеді.
Биылғы жыл аудандағы ұстаздар қауымы үшін сәтті болды. Жыл бойғы еткен еңбектері еленіп, арқаларынанбір жүк түскендеи күй кешті. Ұстаз үшін шәкіртінің қуанышынан, жетістігінен артық не бар десеңізші!
Соның бір дәлелі Ұлттық біріңыңғай тестілеу көрсеткіші еді.
Ұстаз еңбегі көзге көрінбейтін машақаты көп жұмыс екені баршаңызға белгілі. Бүгінде ғылым-білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта және қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түскені де жасырын емес. Соның дәлелі ретінде ұстаздардың мерейін көтеріп, ҰБТ көрсеткіші бойынша, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінен ұстазға берілгентегін жолдама еді.
Ақтөбе облысы бойынша 50 мұғалімге осы бақыт бұйырып«Меркі» шипажайында демалып келдік.Меркі шатқалында теңіз деңгейінен 720метр биіктікте орналасқан. Республикада теңдесі жоқ радон минералды суы бар. Жатар орны, ем алу, тамақтану, барлығы бір корпустын ішінде. Демалыс өте тамаша өтті. Алған әсеріміз ерекше. Бойымызға қуат, көңілімізге қуаныш ұялап, бір серпіліп қалдық.
Осындай қуаныш сыйлаған Облыстықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына, оның басшысы Раушан Серіковаға алғысымыз шексіз.«Болса дағы малға кедей өмірге, бар байлығым шәкірттерім сен дейтін» ұстаздар еңбегі жиі бағаланып, оларға қолдау көрсетіліп, осы басталған бастама жалғасын таба берсін!
-
Фото
-