Қайырымдылық шара
«Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің25 - жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен ұйымдастырылып отырған облыстық «Мектепке жол – 16» қайырымдылық акция аясында қайырымдылық шарасын өткізді.
Соған сәйкес көпбалалы (6 баласы бар) аз қамтылған Еркебаева Гүлдана отбасының мектеп жасындағы 4 баласын сыртқы киім, аяқ киім, спорттық киімдермен қамтамасыз етті.
Ұйым төрағасы Қ.Қайненов балаларға алынған киімдерді табыс етті.
Отбасы иесі Еркебаева Гүлдана және балалары облыстық кәсіподақ ұйымына үлкен ризашылығын білдірді.
-
Фото
-