
«Жастар алаңы» студенттік коворкинг орталығы
2016 жылғы 19 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында республикамыздағы тұңғыш студенттерге арналған «Жастар алаңы» атты коворкинг орталығы ашылды. Аталған жоба облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп жасалды.
Коворкинг (ағылшын тілінен co-working – бірлесіп жұмыс жасау) –ортақ алаңды өз қызметіне тәуелсіз әрі еркін қалыптағы қатысушылардың жұмыс жасау моделі.
Орталықтың ашылу салтанаты Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев пен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Г.Ә.Наурызбаеваға берілді.
Ашылу рәсіміне институттың тұңғыш түлектері, педагогикалық еңбек ардагерлері, оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары М.Бегентаев өзінің алғы сөзінде орталықты «креатив алаңы» деген анықтамамен түйіндеді, ал жоғары оқу орнының басшысы бастамалар мен көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына ерекше алғысын білдірді.
Орталықтың негізгі міндеттері тренингтер мен колсалтингтер жүргізу арқылы студенттердің болашақ педагог, тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы, студенттік және әлеуметтік жобаларын бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыруды ұйымдастыру, студенттік кәсіпкерлікті қолдау тәрізді жұмыстарды жүргізуге бағытталған.
Орталық WiFi интернетпен, заманауи техникалық компьютерлер жабдығы мен LCD мониторларымен жабдықталған. Демалыс және конференц аумағы да бар.
Ашылу рәсімінде қонақтарға арнайы институттың білгір де тәжірибелі психологтары студенттермен семинар-тренинг көрсетілімін өткізді.
-
Фото
-