
Құқықтық семинардан күтілер нәтиже көп
Үстіміздегі жылдың 14 қыркүйек күні Қазалы аудандық оқушылар үйінің акт залында білім саласы бойынша мектеп, балабақша басшыларымен есепшілер, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары, сонымен қатар іс-жүргізушілерге «Жаңа еңбек ақы төлеу жүйесі және еңбек заңнамаларын қолдану» тақырыбында құқықтық семинар кеңес болып өтті.
Семнар кеңеске Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төраға орынбасары, Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңес мүшесі В.Ф.Беженаровпен облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. М.Байназарова қатысып семинар кеңестің маңыздылығына тоқталды.
Құқықтық семинарда сөз алған В.Ф.Беженаров жаңа Еңбек кодексін пайдалану, жаңа еңбек ақы төлеу жүйесінің республика бойынша жүзеге асырылуы жөнінде баяндамасын жасады. Құқықтық семинарды жүргізіп отырған Р.Байназарова әрі қарай семинарға қатысушыларды белсенділік танытып сұрақ - жауапқа көшуді ұсынды. Семинарға қатысушы мекеме басшылары көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.
М.Горкий атындағы №16 мектеп-лицейдің директоры Е.Өтепбергенов: «Қазіргі уақытта үстеме жұмыстарға төленетін өтемақыларды төлеу жүйесінің жүзеге асырылуы» жайында сұраса, кешкі мектеп директоры Ж.Қартқожақ: «Бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен мұғалімдердің орнына сабақ берген мұғалімдерге еңбек ақы төлеу тәртібін» сұрақ етіп қойды.
Сонымен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Олжакеш: «Кезекті еңбек демалысы кезінде біліктілігін арттыру оқуларында болған мұғалімдерге іс-сапар шығындарын төлеу» - жөнінде сұраса, бастауыш кәсіподақ төрайымы Г.Жумаева «Мектеп мейіркештерінің залалсыздандыру ертіндісін дайындағаны үшін 30% пайыздық үстеме ақы төлеуге бола ма?»- деген сияқты көпдеген сұрақтарға нақты жауаптар ала алды.
Семинар қорытындысында бастауыш сынып мұғалімдеріне бүгінгі таңда қойылып жатқан талаптарға сәйкес олардың оқу жүктемесін 14 сағатқа түсіруді мәселе етіп Үкімет алдында көтеруді орталық кәсіподақ басшыларына өтініш жасады.
Құқықтық семинар кеңесте сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова семинарға қатысқан 120 мекеме басшылары, кәсіподақ төрағалары, бухгалтерлік қызметкерлерінің атынан рахмет айтып, күнделікті практикалық жұмысқа алған кеңестердің кең пайдасын тигізетінін айтты.
Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Раман
-
Фото
-