Кәсіподақтағы белсенді жастар тынысы
Кәсіподақ қызметіне жастарды тарту жұмысы салалық кәсіподақтың алға қойған ірі мақсаттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар да әрайым белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.
14 қыркүйек Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай кентіндегі № 99 орта мектепте Қармақшы аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жастар қанатының» отырысы өтті. Оған аудандық жастар тобының жас ұстаздары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Бұл отырысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров, құқық бөлімінің бас маманы Р. Қыдырбаева, облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова, облыстық кәсіподақ оқу әдістемелік бөлімінің жетекшісі Н.Жәнібеков қатысты.
Қармақшы ауданының жас ұстаздары арасында кәсіподақ көшбасшысының имиджін көтеру, жас ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақ жастары арасында кадрлық резервті қалыптастыру, жаңа бастамалар мен инновациялық жұмыстарға белсене араласу сынды мәселелер аталған отырыстың басты мақсаты болып табылды. Мұндай шаралар кәсіподақ жастарының кәсіби шеберліктерін шыңдауға едәуір септігін тигізері сөзсіз.
«Жастар қанаты» жастар тобының І отырысында облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. Байназарова өз сөзінде мұндай шараларжастардың бойына еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерін арттыру, жаңа серпіліс жолына бағыттау жол ашатындығын арнайы атап өтті.
«Жастар қанаты» отырысының төрағасы № 105 мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі Ерсін Байдрахманов кіріспе сөзінде бүгінгі отырыстың мақсаты мен міндетін, алдағы жылға қойылған жоспардың бағдарламасымен таныстырып, жас ұстаздарға осы жоба жөнінде өз пікірлерін айтуға шақырды.
Талқылау барысында әр мектептен келген жас ұстаздар өздерінің ойын ортаға салып, жылдық жобаны бекітуге ұсынды. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова жобаға жастардың құқығы жөнінде кең көлемде семинар өткізуді ұсынды.
-
Фото
-