
Облыстық семинар өткізілді
13-қыркүйек күні Қызылорда қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қызылорда облыстық ұйымының бастамасымен «Жаңа Еңбек кодексін тәжірибеде қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Оған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары В. Беженаров, құқық бөлімінің бас маманы Р. Қыдырбаева, облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р. Байназарова және Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданынан 200-ге жуық мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, білім беру ұйымдарының есепшілері қатысты.
Семинар барысында В.Ф.Беженаров баяндама жасап, Еңбек кодексіндегі баптар мен жаңадан енген өзгерістерді атап өтті. Сондай-ақ, ұжымдық шарттарды жасау, еңбек шарттарының мерзімі, еңбекке ақы төлеу, еңбек демалысы, қоса атқару жұмысы, еңбекке жарамсыз парағына ақы төлеу мәселелері мен білім саласындағы өзгерістер де тілге тиек болды. Облыстық білім қызметкерлерінің тарапынан көтерілген мәселелер талқыға түсіп, олардың сұрақтарынажауаптар берілді.
Семинардан кейін В.Ф.Беженаров кешкі сағат 19:00-де «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Өзекжарды» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселерге тоқталды.
-
Фото
-