
«Ұмытылмас жазғы демалыс»
Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Тәуелсіздікке25 жыл толуына орай Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастауымен Ақтөбе облысыАлға ауданы бойынша кәсіподақ мүшелерінің балалары, яғни 25 бала, Астана қаласына 5 күндік саяхатқа жіберілді. Балалар Қазақстан Республикасының бас қаласы «Астана» қаласын аралап, оның көрікті жерлерімен танысып, жаңа достар кездестіріп, ерекше әсермен қайтты.
Ал, шілде айында Бурабай қаласына саяхатқа Алға ауданы мен Хромтау аудандары бойынша мектептерден бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 40 төрағалары мен төрайымдары 5 күндік демалысқа барды. Көкшенің төсіндегі саяхат барысында белсенділер кәсіподақ тынысын жандандырудағы жаңа ойларын ортаға салып, биік мақсаттардың еңсесін көтерді. Олар өзара жақын танысып, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік алды.
Және де осы екі ауданның кәсіподақ ұйымының төрайымдарының ұйымдастыруымен Ресей Федерациясындағы Соль-Илецк курорттық аймағында 2 күндік саяхатта 50 кәсіподақ мүшелері тынығып, демалып келді.
-
Фото
-